Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланы тауып, анасымен қауыштырды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған баланы тауып, анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ Ювеналдық полиция тобының полиция лейтенанты Нұрсұлтан Серікұлы күнделікті қоғамдық тәртіпті сақтау барысында қызмет атқарады. Осындай кезекті жұмыс күнінде полицей қаланың орталық көшесі Тәуке хан даңғылы бойында жылап жүрген баланы байқайды. Тәртіп сақшысы бірден кішкентай баланың жанына келіп, оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды. Нақты жауап ала алмаған учаскелік полиция инспекторы төрт жасар баланы, полиция бөлімшесіне жеткізіп, кезекші бөлімге хабарлап, жедел-іздестіру шараларын жүргізеді.

Баланың туыстарын табу мақсатында көше-көшені аралап, тұрғындардан сұрастырады. Нәтижесінде полицей Нұрсұлтан Серікұлы 2-3 сағат ішінде баланың анасын тауып, оған баласын тапсырды. Анасының айтуынша, Орталық базарды аралап жүргенінде қасындағы кішкентай ұлының жоғалып кеткенін байқамай қалған. Содан өзі ары іздеп, бері іздеп таппай, полицейлерден көмек сұрайды.

Осы тұста анасымен баласы аман-есен қауышты. Өз кезегінде баласына көз алдында жоғалтып алған баласына алаңдаған ана оны дін-аман тауып бергені үшін полиция қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Серікұлына шексіз алғысын білдірді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға өз балаларын үнемі бақылауда ұстау керектігін түсіндірді. Ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру