Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматыдан тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді Алматыдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалған баланың туыстары алдымен өздері іздеген, алайда оны табудың өзіндік әрекеттері нәтиже бермейді. Содан кейін жасөспірімнің ата-анасы полициядан көмек сұрайды.

Хабарламаны алған полицейлер дереу кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеуге кірісті. Баланың белгілері аудандағы полицейлердің барлығына хабарланып, бағытнама берілді. Содан тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды, сондай-ақ бала бара алатын жерлерді мұқият қарап шықты.

Бірнеше күн бойы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде саурандық полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді Алматы қаласынан тапты. Баланы аудандық полиция бөліміне жеткізіп, анасына тапсырды. Белгілі болғандай, жасөспірім отбасылық жанжалға байланысты үйден кетіп қалған.

Кәмелетке толмаған баланың туыстары полиция қызметкерлеріне жоғалған жасөспірімді іздеуде көрсеткен кәсіби шеберлігі мен жедел көмегіне алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру