Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерден қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды сұрайды

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерден қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларға ауа райының нашарлауына, күннің суытуына, қатты жел мен қардың түсуіне байланысты республикалық және облыстық маңызы бар кейбір трассалар көлік қозғалысы үшін қауіпті екенін ескертеді.

Яғни ауа райының қолайсыздығына байланысты Түлкібас ауданы аумағындағы Батыс-Еуропа-Батыс-Қытай жолының 593- 652 шақырымында қарлы-боран соғып, жолдың көрілу деңгейі нөлді құрап отыр. Демек мұндай уақытта жол көлік оқиғасының орын алуы әбден мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда Түркістан облысының полицейлері жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыстарды атқаруда.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиын екенін ескертеді және азаматтарға алыс жолдарға бармауға кеңес береді, шұғыл қажеттіліксіз көшеге шықпаған жөн. Сапарға шыққан жағдайда жолдарда барынша мұқият және абай болу керек, жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін қатаң сақтау қажет.

Облыс полицейлері ауа райының тосын мінез танытып, бұрқасын болуына байланысты барша тұрғындар мен қонақтарға жолға шықпауға кеңес береді. Тәртіп сақшылары жолаушылардың амандығы үшін жолдарда қызмет етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру