Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,2 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полициясы тұрғындарды 1,2 млн теңгеге алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді.

Анықталғандай, арызданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған. Яғни әлеуметтік инстаграм желісінде күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетіндігін айтып, сенімдеріне кіріп, 4 бірдей тұрғынды алдап үлгерген. Онда жалған парақшасында жиһаз сатып, жеткізіп беретінін хабарлап, тұтынушыдан алдын ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін, сол күйі кері байланысқа шықпаған.

Жәбірленушілерге 1,2 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру