Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының шекарасында шетелдіктен гашиш табылды

Түркістан облысының шекарасында шетелдіктен гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, Марика атты қызметтік ит Тәжікстан азаматынан тыйым салынған заттардың бар екеніне белгі берген.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде одан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, оның гашиш есірткісі екені анықталды. Күдікті қамауға алынды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы бойынша (Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру