Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

Түркістан облысының жергілікті тұрғындар бұзылған автокөлігін жөндеуге көмек көрсеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Алматы – Ташкент – Термез тасжолында қызмет атқару барысында жол шетінде дөңгелегі жарылып тұрған Nexia көлігін байқап, көмектескен. Тәртіп сақшылары дөңгелекті ауыстыруға жәрдем беріп, жүргізуші сапарын одан әрі жалғастырды.

Облыс тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Жалпы, полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қиын жағдайға тап болған тұрғындарға көмек көрсете отырып, облыстың автожолдарында күшейтілген режимде патрульдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру