Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық қылмысын ашқан полицейге алғысын білдірді

Түркістан облысының тұрғыны алаяқтық қылмысын ашқан полицейге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының тұрғыны алаяқтық қылмысын ашуға көмектескен Түркістан қаласы полиция басқармасының тергеушісі Т.Тұрсынбаевқа шынайы алғысын айтып, жазба жолдады.

Нақтырақ айтсақ, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жергілікті тұрғынның өтініші бойынша алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады.

Белгілі болғандай, мемлекеттен өтеусіз грант алуға көмек көрсетемін деп сенімге кірген жас әйел жәбірленушіден 12 миллион теңгеден астам ақшасын алып, көзден таса болған. Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды және тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық жағдай анықталады.

Полицейлер азаматтарды қырағылық танытуға және түрлі алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру