Түркістан облысының тұрғыны ақтөбелік алаяқтың арбауына түсті
Түркістан облысының тұрғыны ақтөбелік алаяқтың арбауына түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 7 тамызында Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 27 жастағы жәбірленушіден арыз келіп түсті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 29 шілдесінде "WhatsApp" мессенджерінде белгісіз адамдар "OLIMPBET 100% ақша айналымы" тобын ашты. Топта ақшаны екі есе көбейту туралы айтылды. Бойжеткен көрсетілген нөмір бойынша 50 мың теңгені "Kaspi.kz " қосымшасы арқылы аударған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды, ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ақтөбелік болып шықты. Күдікті өз ісін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-баптың 2-тармағы 4-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
- Азаматтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырамыз. Күмәнді таратулар кезінде аса сақ болу және қырағылық таныту қажет. Азаматтар жеңіл ақшаға қол жеткізу үшін қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы ұмытады, - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.