Түркістан облысының тұрғыны танысының көлігінен ақша ұрлаған
Түркістан облысының тұрғыны танысының көлігінен ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды анықтады.
Белгілі болғандай, күдікті әйел арызданушының танысы болып шықты. Ол қонақта отырып, аулада тұрған Volkswagen golf автокөлікті байқаған. Содан ешкім көрмей тұрғанын пайдаланып, автокөліктің ішінде тұрған 50 мың теңге ақшасын ұрлап алған.
Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.