Түркістан облысының тұрғыны танысының телефонын тартып алған
Түркістан облысының тұрғыны танысының телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлебилік полицейлер тонау қылмысын ашты. Яғни телефон ұрлаған 29 жастағы күдіктіні полиция дер кезінде анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Анықталғандай, екі жігіт аудандағы көшелердің бірінде ішімдік ішкен. Содан соң күдікті жәбірленушіден телефонын сұрап, біреуге хабарласатынын айтқан. Сол сәтте екеуі сөзге келіп қалып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Содан телефонын ашық түрде тартып алған.
Полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.