Түркістан облысының тұрғыны танысының жүк көлігін сатып жіберген
Түркістан облысы полицейлері танысының жүк көлігін заңсыз сатып жіберген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің Volvo маркалы жүк көлігін алыс танысына жалға берген. Алайда танысы көлікті рұқсатсыз сатып жіберіп, «ізін суытқан».
Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Жәбірленушіге келтірілген залалдың көлемі – 23 млн теңге. Тәртіп сақшылары жедел шаралардың нәтижесінде тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Атқарылған жұмыстар барысында күдікті өз арам ойын іске асыру үшін жүк көлікті арзан бағада танысына сатып жіберген. Бүгінде күдікті орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.