Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны үй ауласында есірткі өсірген

Түркістан облысының полицейлері ауласында есірткі еккен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғындардың заңсыз есірткі өсірумен айналысып жүргендігі туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктінің ауласынан үш дана «сора» есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алды.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты сот сараптамасы тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру