Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 1,2 млн теңгенің малдарын ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері  1,2 миллион теңгенің малдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер жайылымда жүрген үш бас жылқысын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,2 миллион теңге.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті. Сарыағаштық полицейлерден жедел уәкілдер тобы құрылды. Осы ұрлық қылмысын ашып, күдіктілерді ұстау мақсатында Сарыағаш аудандық полиция қызметкерлері ауқымды және тыңғылықты жұмыстарды атқарды, соның нәтижесінде мал ұрыларының ізіне түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Сарыағаш қаласынан  орта жастағы күдіктіні ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, күдікті үш бас жылқыны мал базарлардың біріне әкеліп, 550 мың теңгеге сатып жіберген. Оңай жолмен өз арам ойын жүзеге асырған күдікті жылқыларды сатып жіберген соң,  ізін суытқан. Алайда сарыағаштық полицейлер тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Бүгінде күдікті өз қылмысын толықтай мойындады.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қолды болған жылқыларды заңды иесіне қайтарды. Ұсталған күдікті қолхатта. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру