Түркістан полицейлері 100 мың теңгенің құрал-саймандарын ұрлаған күдіктіні ұстады
Түркістан полицейлері 100 мың теңгенің құрал-саймандарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Оның айтуынша, тұрғын үйінен құрылысқа қажетті заттарын белгісіз азамат ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден асады. Хабар алысымен тәжірибелі жетісайлық тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы бірден іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды тез арада аралап, куәлерден жауап алды.
Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, өзінің тұрғылықты үйінен ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті орта жастағы азамат, яғни жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінде ұрланған ағашты кесуге, темірді бұрғылауға арналған құрылысқа қажетті құралдар заңды иесіне қайтарылды. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.