Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 13 жастағы жоғалған қызды тапты

Түркістан полицейлері 13 жастағы жоғалған қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби ауданында тұратын жергілікті тұрғынның 2008 жыл туған қызы белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қызын өздігінен іздеп әбігерге түскен ана Төлеби АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға сержанты Самат Боранбаев есімді қызметкерге оқиғаның ізін суытпай баяндап, жоғалған қызын іздестіруге жәрдем сұрап, өтініш білдірді. Учаскелік полицей С.Боранбаев жас қызды шұғыл іздестіріп, табу мақсатында қажетті шараларды қолданды. Нәтижесінде полиция қызметкері бейнекамераның көмегімен екі сағаттан соң жоғалған жасөспірім қызды орталық саябақтан табады.

Қазіргі таңда жасөспірім ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, жасөспірім сабақтан шығып саябақта біраз серуендемек болған. Өз кезегінде қызының дін-аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру