Түркістан полицейлері 16 пәтер ұрлаған қылмыстық топты құрықтады
Түркістан облысы полицейлері 16 пәтер ұрлығын жасаған қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында күндізгі уақытта белгісіз біреулер жасырын үйіне кіріп, 700 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдары мен 1 дана теледидарын жымқырып кеткенін көрсетеді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Бұл жайттан бөлек бір апта ішінде Ордабасы АПБ-не осындай пәтер ұрлықтарына байланысты 4 жәбірленуші шағым түсірген.
Орын алған ұрлық жайты бойынша аудандық полицейлер тез арада іске кірісті. Қылмыскерлерді ұстап, қылмысты ашу мақсатында қажетті барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Оқиға орнын мұқият тексеріп, жақын аймақтарды аралап шығып, куәгерлерден сұрастырды. Тәртіп сақшыларының нәтижелі жедел-іздестіру шараларының арқасында ақпарат көздері мен бейнебақылау камерасына түсіп қалған күдіктілердің бейнесі арқылы ұрылардың жеке-бастары анықталды. Осылайша, күдіктілер Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен ұсталды.
Тергеу барысында күдіктілердің 3-үшеуі де Шымкент қаласының тұрғыны екені айқындалды. Және күдіктінің екеуі бұрын дәл осы «Ұрлық» бабымен сотты болғаны белгілі болды. Күдіктілердің Ордабасы ауданында осы бір апта ішінде жасалған басқа 4 пәтер ұрлығына қатысты екендігі белгілі болды. Полицейлердің анықтауынша күдіктілер күндізгі уақытта, үй иелері жұмыста болғанын пайдаланып, тұрғын-жайлардың сыртқы қақпасы құлыптармен құлыптанып тұрған үйлерге қоршауларынан асып түсіп, пластик терезелерін бұрағыштармен заңсыз ашу арқылы ұрлық жасап отырған.
Одан бөлек, ұсталған қылмыстық топ облыс бойынша 16 пәтер ұрлығын жасағаны анықталды. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Ал, жәбірленушілердің үйінен ұрланған алтын бұйымдарын алып сатарларға, базарларға және ломбардтарға өткізіп, ақшасын өз қажетіліктеріне жаратып отырған. Сондай-ақ кейбір жәбірленушілердің ұрланған заттары табылып, айғақты зат ретінде алынып, заңды иелеріне қайтарылды.
Түркістан облысы полицейлері осылайша үйге ұрлыққа түсетін қылмыстық топтың жолын кесті. Сонымен қатар полицейлер осындай ұрылардан сақтану үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге шақырады. Бірінші кезекте терезелеріңізге темір тор, есіктеріңізге мықты құлыптар және аулаңызға жарықтандырғыш, бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Бұл шаралар өз кезегінде ұрылардың оңай олжа тауына кедергі келтіреді, яғни жол бермейді.