Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері Абай шығармашылығын әуелетіп, ұлттық киімді дәріптеді

Түркістан полицейлері Абай шығармашылығын әуелетіп, ұлттық киімді дәріптеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамыз – Абай күні. Мерейлі күнге орай ұйымдастырылатын іс-шараларға Түркістан облысының полицейлері де атсалысты. Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын Еркін, Алма, Жанна есімді полиция қызметкерлері көпшілікке өз өнерлерін ұсынды. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, өлеңін, қара сөзін жүрекпен орындады.

Яғни түскі үзіліс уақытын пайдалы дүниемен өткізіп, кітапхана, мұражай, “Керуен сарай” кешенінде Абай оқуларын насихаттады. Ұлттық киімді дәріптеді. 

Формадағы сақшылар ұлы кемеңгердің ескерткішіне барып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру