Түркістан полицейлері ерлерге арналған киімдерді ұрлаған әйелді ұстады
Түркістан полицейлері ерлерге арналған киімдерді ұрлаған әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне Жетісай ауданының тұрғыны арызданып келген. Онда жәбірленуші азаматша сағат 16:00 шамасында Мақтаарал ауданындағы базарлардың бірінде орналасқан дүкенінен белгісіз азамат түрлі үлгідегі 8 дана ерлер киімін ұрлап кеткенін көрсеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Хабар түсісімен тәжірибелі полицейлерден жедел тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетті. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Дүкен ішіндегі бейнебақылау камераларын жүйелі түрде тексерді. Әр түсіріліміне жеке-жеке тоқталып, мұқият талдады. Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру жұмыстары барысында күдіктінің жеке-басы анықталды. Полицейлер күдікті әйелді тұрғылықты үйінен құрықтап, бөлімшеге жеткізді.
Белгілі болғандай күдікті ұрланған киімдерді үйінде сақтаған. Айғақты зат ретінде ұрланған сегіз дана киім алынып, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті жымқырған киімдерді сатып, ақшасын өз пайдасына жаратпақшы болған. Алайда полиция қызметкерлерінің тындырымды жұмыстарының арқасында ойға алған ісі жүзеге аспады. Бүгінгі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге немесе сауда орындарыңызға мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар.