Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері есірткіге қарсы бағытталған буклеттерді орналастырды

Түркістан полицейлері есірткіге қарсы бағытталған буклеттерді орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары “Қоғамдық есірткіге қарсы имунитетін қалыптастыруға, халықтық құқықтық сауаттылығын арттыруға” бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды.

Сонымен қатар осы уақытқа дейін есірткіге қатысты қылмысты болдырмау мен алдын алу аясында түрлі жедел шараларды, кездесулер мен арнайы сабақтарды өткізіп келеді.

Осындай шара барысында қазығұрттық сақшылар халық көп шоғырланған жерлерге, яғни аялдамалар, мектептер, ауруханалар мен басқа да адамдар көптеп жүретін орындарға арнайы «Есірткіге жол жоқ!», «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз!» тақырыбында 40-тан астам түсіндірме буклеттерін орналастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру