Түркістан полицейлері көшеде шу шығарған жігіттен марихуана тапты
Түркістан полицейлері көшеде шу шығарған жігіттен марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ның патрульдік полиция тобының инспекторы Самат Исмайлов профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында белгісіз ер адамның көше бойында халықтың мазасын алып, шу шығарып жүргенін байқайды. Полицейлер бірден полицейлер күдік тудырған тұрғынның жеке басын анықтау үшін жанына барды. Полиция қызметкерлері күдіктіден жеке басын анықтайтын куәлігін сұрады. Сұрау барысында ол мас халде екенін анықтады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктіні тексеру кезінде оның шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас затты тауып, сараптамаға жіберді.Сараптама нәтижесі бойынша алынған заттың үш грамм «марихуана» екені белгілі болды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.