Түркістан полицейлері көшеде тұрғынды тонаған екеуді ұстады
Түркістан полицейлері көшеде тұрғынды тонаған екеуді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келеді. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, өзін белгісіз біреулер көше бойында себепсіз тоқтатып, ақша сұраған. Содан күдікті ер адам жәбірленушінің қалтасындағы ақшасын байқап, күштеп тартып алып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 10 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеді.
Түркістан ҚПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жетті. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында күдікті деп танылған екі ер адам тәулік ішінде ұсталды. Олар жергілікті тұрғын, жұмыссыз азаматтар болып шықты. Бүгінде күдікті екеуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.