Түркістан полицейлері облыста заңсыз жүрген 40-тан астам шетелдікті анықтады
Түркістан полицейлері облыста заңсыз жүрген 40-тан астам шетелдікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында олар жұмыс істейтін немесе тұратын бірқатар құрылыс, басқа да нысандарға тексеру жүргізіп, рейдтік іс-шара өткізді.
Нәтижесінде, Түлкібас ауданында көрші мемлекеттен келіп, заңсыз жүрген 44 шетелдік азаматты анықтады. Оның ішінде Өзбекстанның 36 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігін бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен елден аластатылды.