Түркістан полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады
Түркістан полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның пәтерінен белгісіз біреулер тұрмысқа қажетті мүліктерін (газ плита, ванна, есептегіш құрал, газ пеші) жымқырып, 150 мың теңге шығын келтірген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Полицейлер ақпарат бойынша ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтауға кірісті. Куәлардан жауап алып, тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Бейнебақылау камералары тексерілді. Үш тәулік бойы үздіксіз атқарылған жұмыс нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.
Анықталғандай, күдікті ер адам сол маңайда құрылыс жұмыстарын жасаған. Содан жәбірленушінің пәтерінде көбіне болмайтынын біліп, түнгі уақытта ұрлыққа түскен. Тәртіп сақшылары күдікті жасырған бөтеннің мүлкін тауып, тәркілеп алды. Заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.