Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстады

Түркістан полицейлері Ротар қызметтік итінің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының Қапланбек шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда түнгі сағат 23:00 шамасында Ротар атты қызметік ит ҚР-нан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіге үріп белгі берген. Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап тексереді. Тексеру барысында оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Айғақ ретінде алынған затты полицейлер сараптамаға жіберді. Нәтижесінде үш грамға жуық марихуана екендігі белгілі болды.

Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Күдікті ретінде танылған орта жастағы азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. Тәртіп сақшылары шекарадан өтпек болған тұрғындарға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егер де сіз есірткі құралдарын сақтау және заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру