Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері шекарадан «гашиш» тасымалдамақ болған елордалықты ұстады

Түркістан полицейлері шекарадан заңсыз есірткі тасымалдамақ болған елордалықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне 102 арқылы «Жібек жолы» шекара бекетінде заңсыз есірткі тасымалдау жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде шетелдіктердің біріне қарай «Марико» атты қызметтік ит үріп, белгі бергенін анықтады.

Жедел уәкілдер күдікті ретінде ұсталған Нұр-Сұлтан тұрғынын тінту кезінде шалбарының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеп алды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі тектес өсімдік затының салмағы 2 грамға жуық  «гашиш» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру