Түркістан полицейлері тұрғындардың тыныштығын бұзған ер адамнан «марихуана» тәркіледі
Түркістан полицейлері тұрғындардың тыныштығын бұзған ер адамнан «марихуана» тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Айдар Рысқұловтың хабары келіп түседі. Оның хабарламасында өзіне бекітілген аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде белгісіз адамның қоғамдық орында ішімдік ішіп, елдің мазасын алып отырғаны көрсетілген. Содан учаскелік полицей құқықбұзушыны сабырға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар полицейлер құқық бұзушының жеке басын тексеру кезінде күдіктінің шалбарының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас зат барын тапты.
Сарыағаштық тәртіп сақшылар күдіктіден алынған затты сараптамаға жолдады, нәтижесі бойынша тәркіленіп алынған зат 3 грамм «марихуана» болып шықты. Бұл деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Орта жастағы күдіктінің Келес ауданының тұрғыны екені расталды.
Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.