Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері тұрғынның жоғалған 6 бас сиырын тауып берді

Түркістан полицейлері тұрғынның жоғалған сиырларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көмектесулерін сұрайды. Жас жігіттің айтуынша, Тұрысбеков ауылына қарасты «Ұзын-құдық» мал жайылымында жүрген оның алты бас сиыры түнгі уақытта белгісіз жағдайда жоқ болған. Аяқ асты жоғалған сиырларын табу үшін мал иесі, полицейлерден көмек сұрады. Аталған ақпаратты алысымен шардаралық тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер айналаны толық шолып шығып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Сондай-ақ үй малын таситын автокөліктерді тексерді. Осылайша іздестіру жұмыстары бір ай бойы үзіліссіз жүргізілді. Соның нәтижесінде жоғалған сиырлар 40 шақырым жерде орналасқан Тұрысбеков ауылының жанындағы жайылымдық жерден табылып, егесіне қайтарылды.

Осы орайда малдарының аман-есен табылғанына қуанған мал егесі полиция қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру