Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршін табылды

Түркістан полицейлері жоғалып кеткен екі жасар бүлдіршінді тауып, анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын баласының жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған.

Азаматшаның айтуынша, екі жасар ұлы Исмайлов көшесінің бойында орналасқан автобекеттен өзінің ұлынан көз жазып қалғанын айтқан. Содан соң анасы іздеп еш таба алмаған. Одан нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Хабар алысымен тәртіп сақшылары бүлдіршінді іздеуге кіріседі.

Сарыағаш ауданының полицейлері жақын маңдағы барлық көшелерді, аулаларды мұқият аралап, жалғыз жүрген баланы көруі мүмкін деген куәгерлер мен жолаушылардан сұрастырды. Оған қоса бейнебақылау камераларын тексерді.

Осылайша екі сағат ішінде тәртіп сақшылары екі шақырым жердегі аудан орталығының қиылыстарының бірінен жоғалған бүлдіршінді тапты. Табылған баланы тәртіп сақшылары аман-есен анасына тапсырды.

Екі жасар бүлдіршіннің анасы ювеналды полиция инспекторы Майра Елемесоваға және Сарыағаш АПБ-нің барлық жеке құрамына кішкентай ұлын іздеп, тауып бергені үшін алғысын айтты.

– Бүгін жанымда жүрген екі жасар ұлымнан көз жазып қалдым. Содан соң бірден полицияның көмегіне жүгіндім. Тәртіп сақшылары менің ұлымды тауып берді. Сондықтан Сарыағаш ауданының полицейлеріне алғысымды білдіргім келеді. Оларға денсаулық пен қызметте табыс тілеймін. Қазір балам менің қасымда. Көп рақмет!, – деді жергілікті тұрғын полицияға ризашылығын жеткізіп.


Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларына мұқият қарау мен оларды назардан тыс қалдырмау қажеттігін айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру