Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деп бірнеше тұрғынды алдаған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деп бірнеше тұрғынды алдаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, таныстары Ресей Федерациясы Амур қаласына электромонтаж лауазымына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдағанын жеткізген. Содан күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, жеке куәлігін сұратып, есепшот арқылы 30 мың теңге ақша салып жіберуін айтқан. Арада бірнеше ай өткен соң өзінің алданғанын білген жәбірленуші уақыт өткізбей полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында күдіктінің бұдан бөлек үш тұрғынды алдағаны, олардың әрқайсысынан 20-30 мың теңге аралығында ақша алғаны белгілі болды. Күдіктінің жергілікті тұрғын екені анықталды. Жәбірленушілердің бірі Кентау қаласының және екеуі Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Полицейлер жауап алу барысында жәбірленушілер күдіктінің әлеуметтік желі арқылы ортақ чат ашып, ондағы азаматтардың барлығына Ресей Федерациясы Амур қаласына жұмысқа орналастырып беремін деп жұмыссыз отырған тұрғындарға үміт бергенін айтқан. Алайда төрт азаматтан жалпы 90 мыңдай ақша алып, із-түссіз жоғалып кеткен.

Қазіргі уақытта алаяқтық жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру