Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қаласында мас жүргізушінің ізімен жүрген полиция көлігі жол апатына ұшырады

Түркістан қаласында мас жүргізушінің ізімен жүрген полиция көлігі жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері облыс орталығының көшелерін патрульдеу кезінде жүргізушісі күдік туғызған “Мерседеске” назар аударды. Жеңіл көліктің жүргізушісі жылдамдық қосып, полицейлердің тоқта деген заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысты. Алайда патрульдік көлік оның ізіне түсіп, “УАЗ-452” автокөлігімен соқтығысты.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өз кезегінде “Мерседес” жүргізушісін полиция дер кезінде ұстап, куәландырды. Сараптама қорытындысы бойынша жергілікті тұрғын, яғни ер азамат орта дәрежелі мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің сегіз бабы бойынша КҚ пайдалану, маневр жасау ережелерін, бағдаршамның тыйым салатын түсін елемей жол жүргені, жаяу жүргіншілердің жүруіне жол бермегені, КҚ жүргізушілерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын бұзғаны, апаттық жағдай туғызғаны, ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар түзілді. Жиналған материалдарды полиция сотқа жібереді.

“Мерседес” жүргізушісі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру