Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қаласында тергеу және анықтау бөлімінің жас мамандары ардагерлермен кездесті

Түркістан қаласында тергеу және анықтау бөлімінің жас мамандары ардагерлермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас мамандарды жұмысқа ынталандыру және тәлім тәрбиелік жұмыстарын атқару барысында Түркістан ҚПБ тергеу және анықтау бөлімінің жас қызметкерлеріне арнайы кездесу ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – жас қызметкерлерді патриоттық рухқа, жауапкершілікке баулу.

Тергеу саласында 25 жылға жуық жемісті еңбек еткен ардагер зейнеткерлер өз ақыл-кеңестерімен бөлісті.

«Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» дегендей өздері іргелі жұмыс жасаған бұл қызметтің ендігі үміті жас мамандарына шығармашылық шабыт, толайым табыс тілей отыра, зор сенім білдірді. Кездесу барысында құрметті зейнеткерлікте жүрген полиция ардагерлері Махмут Тұрғымбаев пен Құрманғазы Мұханбеков өздерінің полицияда қызмет атқарған уақытында күндіз, түнмен санаспай жұмыс атқарғандарын айтып өтті. Сонымен қатар жас мамандар аянбай еңбек етіп, заңдарды көп оқып, үнемі ізденісте жүру керектігі туралы кеңес берді.

Тергеу саласының майталман ардагерлеріне кездесу барысында сұрақтар қойылып, олар тарапынан тиімді жауаптар алынды. Осылай барлық қызықшылықтарымен бөлісіп, керемет сұқбат өрбіді. Кездесу соңында жас буын уақыттарын бөліп келгені үшін , ішкі істер саласының ардагерлеріне алғыс білдірді.

Жалпы мұндай ерекше кездесулердің ішкі істер саласына енді орналасқан жас мамандарға берері мол. Себебі,өздерінің қиын да қауіпті қызметтері жайлы тірі аңыздардан мағлұматтар алып, оларды көзбен көріп, ардагерлермен тілдесіп, жақсы жағынан ой түйіндейді. Сондықтан да бұндай кездесулер Түркістан облысының полицейлері тарапынан тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру