Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қаласында заңсыз жүрген 16 шетел азаматы анықталды

Түркістан қаласында заңсыз жүрген 16 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында «Заңсыз келуші – 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Мұндағы негізгі мақсат – шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және тұрып жатқан шетелдіктерді, сондай-ақ, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау болып табылады. 

Аталған іс-шара барысында Түркістан қаласында заңсыз жүрген 16 шетел азаматы анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Естеріңізге сала кетсек, «Заңсыз келуші – 2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы желтоқсан айының 12-не дейін жалғасын табатын болады. Сондықтан заңға бірдей бағынайық!

Түркістан облысының полиция қызметкерлері аталған іс-шарада тек құқықбұзушылықты анықтап қоймай, шетел азаматтары және жұмыс берушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру