Түркістан қаласының полицейлері 500-ге жуық жол ережесін бұзу жайтын анықтады
Түркістан қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы барысында 500-ге жуық жол ережесін бұзу жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Оның негізгі міндеті жол-көлік оқиғаларының алдын алу, облыс жолдарында орын алатын апаттылықты азайту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзушылықтарын анықтау болып табылады. Нәтижесінде, үш күннің ішінде Түркістан қаласының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасында 562 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 480-нен астам жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтады. Тәртіп сақшылары көлікті құжатсыз басқарған төрт мас жүргізуші мен 30-дан астам құжатсыз жүрген тәртіп бұзушыны ұстады.
Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 108 жүргізуші, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін, әйнектерді күңгірттегені үшін 17 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жол белгілерімен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 52 автоәуесқой, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны үшін 10, жүргізушілердің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 43 және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін 48 адам жауапкершілікке тартылды. 20-дан астам қала тұрғынына қатысты жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұдан басқа, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында «нөлдік төзімділік» желісі бойынша тәртіп сақшылары 30-дан астам ұсақ бұзақылық жайтын, белгіленбеген орындарда 11 сауда жасау жайтын, мас күйінде қоғамдық орында жүрудің алты оқиғасын, сондай-ақ сегіз адамға рұқсат етілмеген жерде темекі шеккені үшін айыппұл салынды.
Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен карантиндік тәртіп талаптарын сақтау мақсатында жол қозғалысына қатысушыларға ЖҚЕ сақтау туралы жаднамалар, медициналық бетперделер таратты. Сондай-ақ жол қауіпсіздігін сақтау маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.