Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда 25 автобус жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан қаласы аумағында “Автобус” іс-шарасы барысында тәулік ішінде жалпы 25 әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында 21 ақпан мен 2 наурыз күндері аралығында “Автобус” іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара барысында Түркістан қаласы аумағында тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен жалпы 25 әкімшілік құқық бұзушылық жасалған.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багаждарды, және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша – 2, 590-бабы 7-бөлігі (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) бойынша – 4, 590-бабы 9-бөлігімен (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару) – 2, 591-бабы (Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы) бойынша – 6 , 595-бабымен (Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау) – 3 хаттама түзілсе, 230-бабы (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) бойынша – 1, және өзге де баптармен – 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, арнайы автотұраққа 2 қоғамдық көлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру