Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда алаяқтық жолмен тұрғыннан 700 мың теңге алған әйел ұсталды

Түркістанда алаяқтық жолмен тұрғыннан 700 мың теңге алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби ауданы ПБ-ға алаяқтың арбауына түскен жергілікті тұрғын әйел арызданып келген. Оның айтуынша, сырттай танысы «күйеуіңе мүгедектікпен өмір бойына зейнетке шығуға құжат рәсімдеп беремін» деп алаяқтық жолмен ақшасын алып, хабарсыз кеткен. Әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі – 700 мың теңге.

Бір жылдан астам уақыт алдап жүрген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Полиция қызметкерлері хабар алысымен күдіктіні анықтауға бірден кірісті. Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде жұмыссыз орта жастағы әйел ұсталды. Тәртіп сақшылары күдікті деп танылған әйелді бөлімшеге жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтардан сақ болуға шақырады. Таныс емес адамға ақшаны сеніп тапсырмауға кеңес береді. Егер де сіз осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, уақыт оздырмай бірден полицейлерге хабар беріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру