Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда аллея шамдарын сындырған жасөспірімдер анықталды

Түркістанда аллея шамдарын сындырған жасөспірімдер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласындағы “Ынтымақ” аллеясында бірқатар жасөспірімнің шамдарды сындырып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны полицияның назарына ілікті. Жедел жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде олардың 8-сынып оқушылары екені белгілі болды.

Құқық бұзушылық жасаған жеткіншектерге қатысты кәмелетке толмағандардың бұзақылық әрекеті бойынша әкімшілік шара қолданылып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікке зиян келтірудің заңдық жауапкершілігін, мұндай әрекеттердің салдарын және қауіпсіз мінез-құлық ережелерін жан-жақты түсіндірді.

Полиция құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғам қауіпсіздігінің маңызды бөлігі екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру