Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Фото-бейнекамералардың көмегімен 57 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысында жаңадан орнатылған фото-бейне жүйелері арқылы 34 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 57 миллион теңгеден аса айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімі фото-бейне жүйелермен жұмыс атқаратын қызметкерлері қарқынды жұмыстар жүргізіп жатыр. Әкімшілік айыппұл салу тәртібімен ұйғарымдар шығарылып, оларды төлетуге бағытталған күнделікті жұмыстар атқарылады. 

Түркістан облысы көлемінде сегіз дана «Трафиксканер», бір – «Интегра» интеллектуалдық қиылыс, төрт дана жылжымалы «Крис-П» үш дана «Арена» және бір дана фото радарлы комплекстері 2019 жылдың 15 қазанынан бастап жұмыс атқарып келеді. Әр бейнекамераның қызметі әртүрлі.

Түркістан қаласында төрт дана «Трафиксканер» көлік құралдарының басқару жылдамдығы мен жолдың қарама-қарсы бағытына шығу сияқты құқық бұзушылықтарды анықтайды және ол екі бағытты да қамтып отырады.

«Интегра» интелектуалдық қиылыс, көшелер қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісін, тоқтау сызығын басу, қарама-қарсы бағытқа шығу сияқты құқық бұзушылықтарды анықтайды.

«Крис-П» және «Арена» құралдары республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты асыру жайтын анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады.

Ағымдағы жылдың екі айының қорытындысымен фото-бейне жүйелерімен 34 317 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 57 412 707 теңге айыппұл салынған, оның 24 357 516 теңгесі өндірілді.

16 наурызында Түркістан қаласында С.Қожанов атындағы көшесінің бойында орналасқан №15 жалпы орта мектебінің алдында «Скат ПП» атты фото-бейне камерасы іске қосылғалы жатыр.

Оның атқаратын жұмысы көлік құралының жылдамдығын анықтау,  тыйым салынған жерге көлік құралымен тоқтау, жаяу жүргіншілерге арналған тротурамен жүру, қарама-қарсы бағытпен көлікті басқару, артқа қарай жүру сияқты құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға жол-қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда абай болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру