Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда арулар мерекесі ерекше тойланды

Түркістанда арулар мерекесі ерекше тойланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің қыз-келіншектеріне арналған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті.

Полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген нәзік жандыларды құттықтау үшін сахнаға мәслихат төрағасы Нұралы Әбішев, прокурор Мұрат Тлеубердиев, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров шығып, департаменттің қыз-келіншектеріне құрмет көрсетті.

Қызмет барысында ерен еңбегімен көзге түскен, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полицей қыз-келіншектерді арнайы марапаттады.

Жалпы айтулы күнге орай департаменттің 170-ке тарта әйел қызметкеріне арнайы төсбелгілер мен грамоталар табысталды.

Оның ішінде ҚР ІІМ-нен 13, полиция департаменті атынан 137, облыс әкімінен 5, мәслихаттан 5, прокурордан 3 әйел қызметкер бар.

Сондай-ақ генерал қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің жұбайларын арнайы құттықтап, бағалы сыйлықтар үлестірді.

Одан әрі қатысушыларға қиын да қауіпті саланың қақ ортасында күнделікті қызмет етіп жүрген шенді арулардың жұмысы бейнеленген мерекелік бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, сұлулықтың символы саналатын ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне эстрада жұлдыздары Саят Медеуов, Мақсат Базарбаев, Төрағали Төрәлі, Жолдасхан Абдиханов және басқа да өнерпаздар ән шырқап, "Миллион" командасы әзілмен мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру