Түркістанда банкке ірі көлемде қарызы бар азамат анықталды
Түркістанда “Қауіпті жүргізуші” іс-шарасы барысында 18 млн теңге қарызы бар автокөлік иесі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру аясында Түркістан қаласында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында өткізіліп жатқан республикалық “Қауіпті жүргізуші” іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында полиция қызметкерлері Opel иесінің 18 миллион теңгеге жуық банк алдындағы қарызы бар екенін анықтады. “Қорғау” жүйесі арқылы автокөлікті арнайы айып тұраққа қойды.
Тәртіп сақшылары меншік иесімен қаржылық міндеттемелерді уақытылы орындау мен заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар рейд барысында басқа да құқық бұзушылықтар анықталды. Олар жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер, яғни қарсы жолаққа шыққан - 2 азамат, сақтандырусыз жүрген - 41 жүргізуші, ал “Қорғау” жүйесі арқылы қарызы бар - 77 автокөлік иесі анықталды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді міндетті түрде тәртіп сақтап, жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
