Түркістанда бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті қолға түсті
Түркістанда бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, пәтерінен белгісіз біреу бір жылытқыш қазандығын жымқырып, 200 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тіркеуге алынды. Пәтер ұрлығын ашу мақсатында тәжірбиелі полиция қызметкерлерінен жасақталған тергеп-тексеру тобы құрылды. Жедел-іздестіру тобы күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәлардан сұрастырып, пәтер маңайларын тыңғылықты тексерді. Үш тәулік бойы тергеп-тексерудің нәтижесінде күдіктіні құрықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Полицейлер өзгенің мүлкін ұрлау жайты бойынша күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Яғни, күдікті ер адам бұған дейін пәтерді тонап, тұрғындарға шығын келтірген. Күдіктіден заттай айғақтар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.