Түркістанда бірқатар мекеме басшыларына полицияның цифрландыру бағытындағы жұмысы таныстырылды
Түркістан облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығында өңірдің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар мекеме басшыларына ішкі істер органдарындағы цифрландыру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстыру мақсатында жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға келген қонақтар қатарында әкімдіктің, облыстық мәслихаттың, прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, төтенше жағдайлар департаментінің, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшылары болды.
Облыстың бас полицейі М.Қабденов делегацияға Жедел басқару орталығын, онда атқарылатын қызметтерді көрсетті. Сондай-ақ полиция департаментіндегі тергеу саласының, криминалистердің, кадр, ақпараттандыру және байланыс басқармасы, әкімшілік полиция басқармасы мен басқа да құрылымдардың цифрландыру бойынша жасап жатқан жұмыстары ұсынылып, басшы құрам баяндамаларын жасады.
Жиын қонақтары полиция департаментінің цифрландыру аясында енгізіліп жатқан нәтижелі жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы уақытта тәжірибе алмасып, бірлесе отырып жұмыс жасауға уағдаласты.