Түркістанда “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Түркістанда “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде Түркістан облысында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп орындаудың қажетті шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша жұмысты жандандыру.
Шара барысында тәртіп сақшылары "Автоураган" жылжымалы кешені мен "Қорғау" жүйесі арқылы 200 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар облыс орталығы тұрғынының Toyota Carina автокөлігін анықтады.
Борышкердің көлігін айыптұраққа орналастырды. Өз кезегінде Түркістан қаласының полицейлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.
Нәтижесінде "Борышкер" шарасы барысында полицейлер 250-ден астам әкімшілік хаттама толтырды. Борышкер жүргізушілердің 30 автокөлігі айыптұраққа қойылды.