Түркістанда ер адам көлік алып беремін деп танысын алдап соққан
Түркістанда ер адам көлік алып беремін деп танысын алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz
Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданған. Оның айтуынша, өзінің танысы жеңілдетілген несиемен автокөлік алып беретінін айтып 800 мың теңгесін алып кеткен. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген көлікті де, өз ақшасын да ала алмаған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Түркістан қалалық Полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтау мақсатында ақпарат жинады. Нәтижесінде күдікті деп танылған ер адам жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленушіні алдап, ақшасын қалтасына басқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде.