Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда көкпар ойыны аясында полицейлер есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Түркістанда көкпар ойыны аясында полицейлер есірткіге қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандағы "Гауһар ана" көкпар алаңында 300-ге жуық көрермен жиналған ұлттық спорт ойыны өтті. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Көкпар кезінде есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық кеңес мүшесі Бақыт Жақыпов тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткінің зияны туралы айтты. Шара аясында 250-ден астам ақпараттық брошюра таратылды. 5 сағатқа созылған ойын барысында құқық бұзушылықтар тіркелмеді.

Тұрғындар полиция тарапынан берілген ескертулерге түсіністікпен қарап, тәртіп сақтауға дайын екендерін жеткізді. Есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру