Түркістанда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды
Түркістанда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Б.Саттарханов даңғылының бойында қауіпсіздік белдігін тақпаған Land range rover автокөлігін анықтап, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
Көлік жүргізушісіне құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы бабымен әкімшілік шара көріліп, автокөлік айыптұраққа қойылды.