Түркістанда көліктің айыппұлын жойып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ұсталды
Түркістанда көліктің айыппұлын жойып беремін деп тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, өткен жылдың шілде айында оны бейтаныс азамат алдап кеткен. Яғни, алаяқ оның салығы көбейіп, қара тізімде тұрған көлігінің айыппұлдарын жойып беретінін айтып, қызметіне 125 мың теңге ақша алған. Алайда берілген уәде орындалмай бір жылға созылған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Алаяқтық қылмысына байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті.
Нәтижесінде, осы жайтқа қатысы бар бұрын сотты болған ер азамат ұсталды. Ол ешқандай жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде полиция қызметкерлерімен күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығы анықталуда.