Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда Конституция мерекесіне орай гарнизондық сап түзеу өтті

Түркістанда Конституция мерекесіне орай гарнизондық сап түзеу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Осыған байланысты Түркістан облысы gолиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов саптық жиын өткізіп, жеке құрамның қызметке дайындығын, нысанды киім үлгісі мен құжаттарын, сондай-ақ қызметтік автокөліктердің техникалық жай-күйін мұқият тексерді. Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасына сәйкес, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге ерекше назар аудару тапсырылды.

Саптық байқау соңында полиция бөлімшелері салтанатты шерумен жүріп өтіп, күнделікті тәртіп сақшысы ретіндегі жауапты қызметтерін орындауға кірісті.

Облыс тыныштығын күзету үшін тәртіп сақшылары мереке күндері де үздіксіз қызмет атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру