Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда нашақорлықтың алдын алуға бағытталған акция өтті

Түркістанда нашақорлықтың алдын алуға бағытталған акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті халықаралық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында Жастар орталығының еріктілері және мүдделі мекемелермен бірлесіп, кең ауқымды түсіндіру акциясын өткізді.

Іс-шара барысында әуежай мен теміржол вокзалы маңында жүрген тұрғындар мен жолаушыларға 500-ден астам ақпараттық жадынама мен түсіндірме буклеттер таратылды. Акция қатысушылары есірткі құралдарының заңсыз айналымы мен оларды қолдануға байланысты құқықтық жауапкершілік туралы айтып, азаматтарды мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Шараның басты мақсаты — қоғамда нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу және заң талаптарын сақтау қажеттігін насихаттау. Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Полиция мен еріктілердің бірлескен бастамасы тұрғындар арасында үлкен қолдау тауып, маңызды мәселе жөнінде терең түсінік қалыптастыруға өз үлесін қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру