Түркістанда полицейлер оқушыларға дәріс өткізді
Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан қаласының №33 орта мектебінің оқушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақсат — құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Жұмаділдаев оқушыларға экстремизмнің алдын алу, құқық бұзушылықтардың салдары, оның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын жеткізді.
Өйткені мұндай жалған хабарламаларды тексерудің әрбір фактісі полиция мен шұғыл қызметтердің елеулі күштері мен құралдарын алаңдатып, азаматтар үшін қолайсыздық туғызады. Мұндай ойланбай жасалған әрекет үшін ауыр зардаптар туындауы мүмкін. Сондай-ақ оқушыларға заңдарды сақтау мен құқық бұзушылық жасамау бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Іс-шара соңында жасөспірімдер полиция қызметкерлеріне танымдық және пайдалы әңгіме сабақ үшін алғыстарын білдірді.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақ үшін маңызды, ал құқық бұзушылыққа жол бермеу — полиция үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де басты міндет.