Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер оқушыларға есірткінің зиянын түсіндірді

Түркістанда полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістанда Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыбында 8,9,10-сынып оқушылары арасында жиналыс өтті. Жиынға Түркістан облысы полиция департаменті есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңестің мүшесі Еділ Төлегенов, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Марат Бимаханов пен Түркістан ҚПБ-ның учаскелік полицейі Керім Қапашов баяндама жасап, жас ұрпақтың болашағына келешекте балта шаппау үшін, тура жолмен жүру керектігін айтып өтті.

Қазіргі таңда есірткі мен нашақорлықтың жаңа түрлері мен жаңаша сипаттары пайда болуда. Қазіргі таңда химиялық қоспалардан және прекурсолардан жасалатын синтетикалық есірткілер түрлері еселеп көбеюде.

Осы тұста тәртіп сақшылары құқықтық сауатқа жол ашып, есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында полицейлер жасөспірімдерді жақсы, үлгілі оқушы болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру